.29.08.18.
«Азат елдің ар- намысы Ата заң»
30 тамыз- Конституция күніне арналған
(виртуалды саяхат )
Ата –бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жетіп, Егемендігіміздің еңсесі нығайып көп ұлтты Қазақстанымыз көркейіп, ел экононмикасы өсіп-өркендеп, халқымыздың әл-ауқаты артып, еңселі еңбекті қажет етер күрделі де, қиын өмір өткелдерінен өтіп, алуан асуларды биік белестерді бағындырдық. Елбасымыздың салихалы сасятатының арқасында әлем халқын мойындатқан Егеменді еңселі, Тәуелсіздігі тұғырлы, сасяси тұрақтылығы орныққан көпұлтты мемлекетке айналдық.
Қазақстан -егеменді байрақты ел,
Жердің жүзін мойындатқан қайратты ел.
Ата заңым елдігімнің еңсесі,
Заңым барда қазақ елі айбатты ел.
Заңым барда зайырлы елмен теңестір,
Қай кезде де заңды біліп кеңес құр!
Қазақстан -егеменді байрақты ел
Конституция мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы,бірлігі мен ынтымағы жарасқан бұлжымас бағдарын, кемел келешігімзідің кепілі.
Конституцияны басшылыққа ала отырып, біз тәуелсііздігіміз бен мемлекетімізді нығайту жолында ғасырдық мәні бар істер атқарамыз.
Конституция –ел тәуелсіздігінің, мемлекеттігінің негізгі тірегі. Оны мемлекеттің саяси-құқықтық төлқұжаты деп бекер аталмайды.Конституция ең алдымен мемлекеттің қандай жолмен дамитынын , басты құндылықтарын айқындап береді.
Биыл Ата заңның қабылданғанына 23жыл толып отыр. Осы орайда Арқалық қаласындағы облыстық № 2 ғылыми әмбебап кітапханасының абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен «Азат елдің ар- намысы Ата заң» атты оқырмандармен виртуалды саяхат.
К.Р. Конституциясы жайлы таным- білім мақсатында өткізілген бұл іс- шарада Қ.Р. ән ұранымен ашып, әрі қарай бейнекөрсетілім, слайд жасалынды.Ата заң жайлы көркем сөдер оқылды, электоронды тұсаукесер өткізілді.
Қазақстан Республикасы - тәуелсіз егеменді мемлекет . Оны ата заңы-өз Конституциясы бар. Конституция күні бұл мемлекетімздің , халқымыздың ең ұлықты мерекелерінің бірі, сондықтан да мереке құтты болсын, еліміз
аспанында тек бейбітшілік құсы қалықтасын дейміз.