Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым Ата заңым қабылданып.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні халқымыз үшін аса қастерлі, ең ұлық мереке . Мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындаған. Ата заңымыздың қабылданғанына биыл 23 жыл толып отыр. Халықтың өзі дауыс беріп, қабылданған Ата заңымыз өркениетті мемлекеттің барлығына тəн демократиялық қағидалармен толық қамтылды. Конституция бірлігіміздің тұрақтылығын, мемлекеттік құрлыс пен еліміздің тұтастығын бекітіп берді. Əрбір азаматтың өзін тең сезінуіне және құқықтарын сақтауына берік негіз болды. Жасампаз жаңа дәуірге кең жол ашты. Бірлігі жарасқан қазақ елі айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасыған күшті мемлекетке айналды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Арқалық қаласындағы №2 облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының кітапханашысы Г.А.Нугманованың ұйымдастыруымен «Айшықты Ата заң – азаттық айдыны» атты көрме викторина ойнатылды.