"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Кітапхана - білім көзі, кітапханашы - оның тірегі»

11.10.2024

24 қазан - Кітапханашылар күніне орай, «Кітапхана - білім көзі, кітапханашы - оның тірегі» атты тұлғатану айдарын кітапханамыздың өркендеуіне сүбелі үлес қосқан және осы салада көп жылдар адал қызмет атқарған, құрметті әріптесіміз Аубакирова Әлия Қарсақбайқызына арнаймыз. Әлия Қарсақбайқызы кітапхана ісін дамытудағы мінсіз еңбегі үшін ҚР Президентінің құрмет грамотасымен, «Қазақстанның құрметті кітапханашысы», «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгілермен марапатталған.