"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Шұрайлы сөздің шебері»

10.10.2024

Өзі өмір сүрген дәуірде, туған жер, өскен ортасын жыр бұлағымен сусындатып, халқының жүрегінен орын алған тума талант, ақын, журналист Назарбек Бектемісұлының туғанына 95 жыл толуына орай атты еске алу кеші өткізілді. Кешімізге өлкетанушы, оюшы-шебер Шөптібай Байділдаұлы, Родина ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Байжан Әмірұлы, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының аға оқытушысы, АрқПи профессоры Ардақ Әмірханқызы, ақынның немересі Бектемісов Азат Байжанұлы қатысып, балалық шағы сұрапыл соғыстың найзағайлы жылдарымен тұспа-тұс келген қаламгеріміз жайлы өз естеліктерімен бөлісті. Іс-шараға Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері атсалысып, ақынның мол мұрасымен танысып, рухани дүниесін байытып қайтты.