Газет-журнал оқысаң, көзіңді қазақ ашасың,
Дүние халін білмесең, ілгері қалай басасың?
Білгіштердің соңынан шұбырып біз де ерелік,
Газеттің сөзі - ертегі, ерігіп жазған демелік!
Міржақып Дулатов.
Арқалық қаласындағы №2 облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 16 тамыз 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, қалалық апталық «Торғай» газетінің төл мерекесіне орай «Газет- халықтың құлағы, көзі, һәм тілі» атты кездесу кеші өткізілді. Кездесудің мақсаты, қаламызда апта сайын шығып тұратын «Торғай» қалалық газетінің шығу тарихымен таныстыру. Тілшілердің жұмысымен танысып, еңбегін бағалау. Оқырмандардың газет туралы білімдерін кеңейтіп, өз пікірі, ойы қалыптасқан заманымыздың белсенді азаматтары бола білуге шақыру болып табылады.
Кездесуге қаламыздың құрметті азаматы, оюшы, өлкетанушы Шөптібай Байділдин мен облыстық «Қостанай таңы» газетінің Арқалық қаласындағы меншікті тілшісі Мұрат Жүнісұлы арнайы шақырылды. Қонақтарға газеттің тыныс тіршілігі, алатын әліпбиі, туған, жер туралы арнайы дайындалған сұрақтар қойылып, тұщымды жауап алынды. Сонымен қатар, оқырмандар газет журнал туралы заманға сай көкейлеріндегі сұрақтарын қонақтарға қойды. Кешке Әбсәлем Рүстем өз ән шашуын жолдап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Іс-шараға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері, оқырмандар және кітапхана қызметкерлері қатысты. Кешке келген қонақтар мен оқырмандарға арнайы қойылған көрме таныстырылды. Қорытынды сөз кітапхана директоры Қазына Байсабекқызына беріліп, келген қонақтарға алғыс білдірді. Сөз соңында қонақтарға кітаптар сыйға тартылды.