Киелі поэзия әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, ажары бар, сырлы да нәзік өлеңдерімен оқырман қауымын елең еткізіп, жырмен тербеген дарынды ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған «Ақын жүректің ақ жыры» атты поэзия сағаты өткізілді. Іс - шараға Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері қатысып, ақынның толғанысқа толы жырлармен сусындап қайтты. Іс - шара барысында Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығыннан сыр шертер бейнебаяндар тамашаланып, жыр жинақтарынан құрылған кітап көрмесі таныстырылып, әріптестеріміз ақынның өлеңдерін мәнерлеп ырғағына келтіре оқыды. Поэзия сағаты ақынның сөзіне жазылған «Мен саған ғашық емес ем» әнімен қорытындыланды.
«Ақын жүректің ақ жыры»