Белгілі қаламгер Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Арқалық қаласының құрметті азаматы Жақсылық Жүнісұлының «Табиғатпен егізбін...» жыр жинағының жарыққа шыққанына 10 жыл толуына орай, «Өлеңмен қауышу» атты естелік сағатын назарларыңызға ұсынамыз. Небәрі 20 жасында төл туындылары аудандық газетте жарық көре бастаған Жақсылық Жүнісұлының жарты ғасырдан астам журналистік қызметінде ақ-адал еңбегіне лайықты баға беріліп, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі атақтарының, «Еңбек ардагері» медалінің иегері атанған. Өмірін баспасөз қызметіне арнаған Жақсылық Жүнісұлы, сонымен қатар «Сыр сандық», «Дала дарабоздары», «Жылдар жаңғырығы», «Топжарғандар туралы толғау» кітаптарының авторы.
«Өлеңмен қауышу»