«Отан - қуат, отбасы – шуақ»
Қазақстанда қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күні. Осы мерекеге орай, Өнер секторы «Отан - қуат, отбасы – шуақ» атты отбасылық күн ұйымдастырды. Бұл күнді мерекелеу отбасылық құндылықтарды нығайтуға негізделген. Қоғамда отбасы - әрқашан рухани және мәдени дәстүрлерді сақтаушы - киелі бақ мекен. Мереке күні қаламыздың үлгілі отбасыларын құрмет тұтып, таныту, өнеге ету мақсатында Байтұрсыновтар отбасымен кездесу өтті. Дәулеткерей Бақытжанұлы мен Гаухар Шәкиқызының отбасы республикамызда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мерейлі отбасы» ұлттық сайысына қатысушы, отбасылық құндылықтарды қастерлеп, салт-дәстүрді берік ұстанған, ұрпағына тағылымды тәрбие беріп келе жатқан өнегелі жанұя.