"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Әнуар Боранбаевты еске алу

11.06.2018

 

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында біздің қалаға гастролдік сапармен Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының труппасы келді.

 

Алматыдан шығармашылық десанттың келуі ҚР халық әртісі Әнуар Боранбаевтың 70 жылдығына орай ұштастырылған болатын. Ол біздің өңірдің тумасы және сахна шеберлерінің тамаша үркер өкілі болып табылады. А. Боранбаев театр ұжымы мақтануға тұрарлық, кезінде өзінің осы театр сахнасында жарқырап, көптеген спектакльдерде басты рөлдерді орындай отырып, мәдениет театрының отандық репертуарлық қазынасына кірген.

 

Осы жарқыраған шығармашылық жолынан Ә.Боранбаевты сұм ажал өмірден асығыс әкетті. Міне, туған театрының труппасы,   оның ішінде онымен бір сахнада өнер көрсеткен оның әріптестері  жерлестері алдына еске алу үшін  келді.

 

Бағдарлама бойынша театрдың Алматыдан  Арқалыққа келуі актердің туған жері  Амангелді ауданы тұрғындарымен  және қала тұрғындарымен кездесіп, жоспарланған спектакльдер қойылды.  

 

Шығармашылық делегация құрамында театр өнерінің майталмандары, республикамыздың халық әртісі Есмұхан Обаев, бүкілхалықтың сүйіктісі, ҚР халық әртісі, мәдени қазақ киносы "Қыз Жібекте" басты рөлін орындаушы Меруерт Өтекешова, ҚР халық артисі Гүлжан Аспетова және басқа да бірқатар жас әртістер болды.

 

11 маусым күні № 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік  академиялық драма театрының шығармашылық труппасымен кездесу өткізілді.

 

Кітапхана оқырмандарымен  кездесуге театр және кино әртісі Әбдінәбиева Ғазиза Мәкешқызы, мәдениеттанушы Бөпежанова Әлия Қахарманқызы, театр әртісі Бақтияр Қожа, театр мұражайының меңгерушісі Асанжанова Наргиз келді. Әртістердің оқырмандармен шығармашылық кездесуі  достық және жылы шыраймен өтті. Әртіс Әбдінәбиева Ғазиза Мәкешқызының сөйлеген сөзі  үлкен жетістікке толы болды.

 

Театр жұмысын талқылай келе,  қатысушылар өздерінің сүйікті актерлеріне көптеген сұрақтар қойып, тұщымды мағлұматтар алды. Барлық актерлер оқырман аудиториясының әуестенушілігін, эмоционалдық ашықтығын атап өтті — біздің оқырмандарымызға кітапхана ұйымдастырылған бейресми жағдайдағы  әртістер өте ұнады.

 

Жас актер Бақтияр Қожа актерлік өмірдің ерекше түрін, әсіресе, бұл көрініс оның кинодағы рөлдерде  жарқырап орындағанын көрсетті.

 

М. Әуезов атындағы драма театрының  осындай атақты еңбегі сіңген әртістерінің қойылымы  кітапхана үшін де қала тұрғындары үшін де үлкен мәдени оқиға болды.

 

Іс-шара қонақтарға-әртістерге  бақыт, денсаулық, шығармашылық табыс тілеумен аяқталды.

 

" Кездесу үшін Сіздерге көп рахмет! Сіздер кәсіби мамансыздар!"-деп театр десантын оқырмандар ыстық ықыласпен шығарып салды.