Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, республикалық ардагерлер ұйымының алғашқы басшылары болған Шәңгерей Жәнібекұлы Жәнібеков және Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туғандарына 100 жыл толуына орай атты тағылым сағаты өтті.
Іс-шараға Арқалық қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Түбекбай Ғабсалықұлы, Үздік өлкетанушы, оюшы Шөптібай Байділдәұлы, Арқалық қалалық Ардагерлер кеңесінің мүшесі, сәулетші Қажымұқанбет Әбдікұлы қатысты.
Тағылым сағатының басты мақсаты – аты аңызға айналған тұлғаларымыздың әскери мұрасын зерделеу, ата-бабаларымыздың ерлігін ұлықтау мен насихаттау арқылы өскелең ұрпақтың бойында ұлттық сана-сезім мен патриотизмді қалыптастыру.
Кеш барысында халқына қалтқысыз қызмет еткен жандардың өнегелі өмірі мен өміршең істері туралы ақпарат беріліп, әуезді ән шырқалып, өлең-жырлар оқылды. Ерлігімен тарихтың алтын парақтарын толтыратын қаһармандарымыздың құрметіне орай ұйымдастырылған кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылып, таныстырылды.
«Ерлікке тағзым ету - ұрпақ парызы»