"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Спорт – өмір көркі
Қазақстанда тамыз айының әр үшінші жексенбісінде Спорт күні атап өтіледі. Аталған мереке елде спортты дамыту мен спорттағы жетістіктерді ынталандыруға арналған. Бұл халықаралық аренада ел намысын қорғайтын кәсіпқой спортшылардың ғана емес, спортпен айналысатын, оны өмірлік ұстанымына айналдырған барлық қазақстандықтардың мерекесі. Спорт күні мерекесіне орай, Өнер секторы «Спорт – өмір көркі» атты көрме-кеңес ұйымдастырды. Алға қойған мақсатқа қол жеткізу, қиындықтарды еңсеру, батылдық, өзін-өзі таныту, арманның орындалуы - мұның бәрі спорт туралы. Көрме-кеңес бөлімдері дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастыру, салауатты өмір сүру негіздерін ұстану, спортпен шұғылдану дағдыларын қалыптастыру, денсаулықты нығайтуға және дене шынықтыруды дұрыс дамытуға, спорт саңлақтарының жетістікке жету жолдарымен танысуға кеңес береді.