"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Жемқорлықпен күрес - баянды болашақ кепілі»

09.07.2024 ж. «Парасат жолы» жобасы аясында, сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат беру және оның қоғамға келтіретін зиянын оқырмандарға ұғындыру мақсатында «Жемқорлықпен күрес - баянды болашақ кепілі» атты құқық сағаты өткізілді.

Әр түрлі жастағы азаматтармен сұхбат жүргізу, сұрақтар қою, ақпарат беру бағытында өткізілген іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық пен оған қарсы қызмет жүргізетін ұйымдар туралы жазылған ақпарат парақшалары таратылып, қоғамның өзекті мәселелесі жайлы мағлұматтар жинақталған әдебиеттер оқырмандардың назарына ұсынылды.