05.07.2024 Домбыра — шанағында күмбір сазды күйлерін құндақтап, ұлтымыздың өткенін, бүгінін, мінезі мен сезімін, болашағын бір күре тамырдай қос ішегіне шежірелеп арқаулаған киелі аспап. Сондықтан болар, қара домбырасын кие тұтып, әркез ұлықтап отыру қазақтың қадым замандардан жалғасып келе жатқан ежелгі үрдісі. Қазақ пен домбыра және оның күйлері бөле қарауға болмайтын—біртұтас әлем. Шілденің бірінші жексенбісі - Ұлттық домбыра күніне арналған «Күмбірі кетпес құлақтан» күй сағатын назарларыңызға ұсынамыз.
«Күмбірі кетпес құлақтан»