28.06.2024 «Өмірлері өнермен өрнектелген» арт-көрмесі 65 жасқа толып отырған суретші, мүсіншілер Аманат Назарқұл мен Әділет Жұмабайдың мерейтоларына арналады. Қос суретшінің білімдері мен таланттары, рухани байлығы және шығармашылық қабілеттері бір-бірімен ұштасып, монументальды жан-жақты кәсіпқой дарын иелері екендігін байқатады. Суретшілердің шығармашылық еңбектерінің басты ерекшелігі - қолданатын материалының ішкі күш-қуаты мен өз жан дүниесінің тебіреністерін ұштастыра білуінде.
«Өмірлері өнермен өрнектелген»