"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Әке – дара туған, дана тұлға»

19.06.2024 ж.

Әкелер күніне арналған «Әке – дара туған, дана тұлға» атты поэтикалық сәт отбасындағы әке орнының ерекшелігі; халықтық тәрбие негіздері; әке мен бала арасындағы ара-қатынас; бала тәрбиесіндегі әкелердің рөлі; әкеге деген сүйіспешілік тақырыбын қамтыды. Кешке ақын Айтбаев Еркінғазы Жұмағазыұлы қатысып, өз шығармашылығынан әкеге арналған жырларын оқып, көпшілікті әнмен баурады. Мектеп оқушылары, қала тұрғындары, кітапханашылар көрермендер арасында өткізілген сайыстарда өнер сынасып, мереке күні әкелерге арнап, поэтикалық құттықтау дайындады.