31.05.2024 ж.
31 мамыр - Саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Азапты ғұмырдың ащы шындығы» атты тағылым сағат өтті.
Қазақ халқының тарихында қаралы нәубет боп жазылған ашаршылық қасіретін түсіну және елі үшін тер төгіп, еңбек етіп, шыбын жандарын қиған, жазықсыз жапа шеккен арыстарымыздың рухына тағзым ету мақсатында осы азапты жылдардың куәсі болған Ғалымжан Тарғынұлы жайлы жазылған «Жылқы атылған жаз» романы насихатталды.
Іс - шараға Арқалық қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Түбекбай Ғабсалықұлы, Арқалық қаласының құрметті азаматы Қайырден Тұрсынбекұлы, Үздік өлкетанушы, оюшы Шөптібай Байділдәұлы, Дәулеткерей Ғалымжанұлы,«Жалын» клубының мүшелері мен қаламыздағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты. Оқырмандар назарына «Тарихтың қасіретті жылдарынан» атты кітап көрмесі ұсынылды.
https://arkalyk-ounb2.kz/novosti-kz/3478-azapty-myrdy-ashchy-shyndy-y.html#sigProIdb7953c0ea6