"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Көне жәдігерлер мекені»

22.05.2024 ж

«Көне жәдігерлер мекені»

18 мамыр - Халықаралық мұражайлар күні. Әлемнің 150-ден астам елінде атап өтілетін мәдени мерекеге орай, өнер секторының ұйымдастыруымен Алтынсарин институтының Ыбырай Алтынсарин мұражайында «Көне жәдігерлер мекені» атты тарихи сағат өткізілді. Іс-шараға қатысқан Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының ІІІ курс студенттері Ыбырай Алтынсаринның өмір жолы мен шығармашылығын айғақтайтын мұрағат материалдарымен танысты. Алтынсарин институтының аға оқытушысы, профессор Абдуллина Ардақ Әмірханқызы оқырмандарға мұражайдың ашылу тарихы, оның бай экспозициясы, ұлт ұстазы ашқан мектептер мен құнды жәдігерлер туралы кеңінен әңгімелеп берді. 1976 жылдың 20 қазанында ашылған Ыбырай Алтынсарин мұражайының негізін қалаушы, сол жылдары «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған, ыбырайтанушы Ә.И.Ламашевтың мұрағат құжаттарын жинап, Алтынсарин мұраларын зерттеуге, мұражайды ашуға қосқан өлшеусіз еңбегі аталып өтті.