14.06.2018
Тағамның ең асылы – нан. Бүкіл тіршіліктің өзегі - нанды баршамыз қастерлеуге міндеттіміз. Нан тіршілік қорегі. Нан – Алла Тағаланың адам баласына сыйлаған ең ардақты тартуы. Қай тағамды алмаңыз, бәрі де нанмен дәмді, нанмен ғана қуатты. Ол біздің алдымыздағы дастарханға келгенше, қаншама маңдай тер төгіледі. Мұны дихан ғана біледі. Сондықтан, нанды қорлауға ешкімнің де қақы жоқ. Қазақта «Ас атасы – нан » деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені - нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып – ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. Нан – ешнәрсемен тең келмейді. Оның құнына баға жетпейді дей келе кітапханамыздың оқу залы бөлімінде «Байлық басы – нан» атты зерде сағаты өткізіліп, кітап көрме ұйымдастырылып шолу жасалынды. Мақсатымыз, нанды қастерлеуге, ас атасы –нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін,оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру. Нанның қалай дастарханға келетінін айтып оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру. Іс – шараға қатысушылар арқалық қаласындағы торғай агро- техникалық колледжі студенттері «Ас атасы - нан» туралы шығу тарихымен танысып, көптеген мәліметтер алып, көтеріңкі көңіл күймен естелік суретке түсті.