"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ана – мәңгі асыл бейне»

13.05.2024 ж.

«Ана – мәңгі асыл бейне»

Оқу залы және «Өнер» секторының ұйымдастыруымен, 12 мамыр – «Аналар күні» мерекесіне орай, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттерінің қатысуымен «Ана – мәңгі асыл бейне» тақырыбында ой толғау сағаты өтті.

Мерекелік кеште ақжаулықты әже, зейнеткер ана Зәуреш Ерназарова мен төрт ұл мен төрт қыз баланы өмірге әкелген алтын құрсақты ана, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері Әлия Дүйсенбаева қонақта болды.

Кеш барысында қос анамыз жас ұрпаққа бала тәрбиесі туралы ақыл-кеңестерімен бөлісіп, көпбалалы отбасы болудың қызықтары мен қиындықтары жайлы баяндап берді. Әуезді ән шырқалып, өлең-жырлар оқылды. Оқырмандар назарына «Ана – мәңгі асыл бейне» тақырыбындағы кітап көрмесі ұсынылды.

Кеш соныңда қонақтарға кәде сыйлар тарту етіліп, кітапхана ісі жөніндегі басшының орынбасары Роза Жангалиева аналарымызды мерекелерімен құттықтап, ризашылығын білдірді.