"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Тау тұлғаның тағылымы»

10.05.2024 ж.


«Тау тұлғаның тағылымы»


«Тау тұлғаның тағылымы» тарихи шежіресі қазақ археологиясының атасы Әлкей Хақанұлы Марғұланның ғибратты ғұмыры жайлы сыр шертеді. Әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, Ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толып отыр. Қазақ даласының көне тарихы мен рухани мәдениетінің сырын ашқан, оны зерттеп барша әлемге танытқан, қазақ халқының біртуар ұлы, аты аңызға айналып, ғұлама атанған академик Әлкей Марғұлан біздің ұлттық мақтанышымыз.