Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізудін басталуы туралы
2024 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін «Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жыл сайын жүргізіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі болып табылады.
Талдау кезінде бейіндік заңнамада және ұйымдық-басқару қызметінде персоналды басқару, мемлекеттік қызметтер көрсету, қаржы-шаруашылық қызмет, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және басқа да мәселелер кіретін түрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталады.
Егер сізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қандай да бір ұсыныстар, сондай-ақ «Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапхансы» КММ-де сіз білетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы мәліметтер болса, оларды электрондық мекенжайға жібере аласыз Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.