"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Оқу толқынында»

23.04.2024

«Оқу толқынында»

Өнер секторы «КІТАП шоу-2024» фестивалі аясында «Оқу толқынында» библио-сёрфингін ұйымдастырды. Залда кітаптардан, дискілерден, кассеталардан, пластинкалардан көрме-композициялар жасалып оқырмандар назарына ұсынылды. Фестивальға қатысушылар 4 кезеңнен тұратын библио-сёрфингке қатысты. «Бәйге» сайысы ән өнеріне арналып, әнші, композиторлардың шығармашылығын қамтыды. «Шежіре» топтамасы ұлттық аспап, ұлттық музыкалық жанрлар мен орындаушыларға арналса, «Сыр сандық» кинематография әлеміне саяхатқа шақырды. «Қазына» жарысында мақал-мәтелдерден күш сынасып, оқырмандар өнер туралы білімдерін шыңдап, жағымды әсер алды.