"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Кітап – ең сабырлы ұстазың»

23.04.2024

«Кітап – ең сабырлы ұстазың»

Ашық есік күні және «КІТАП шоу –2024» фестивалі аясында әдістемелік-библиографиялық бөлімнің кітапханашылары «Кітап – ең сабырлы ұстазың» Ақпарат күнін өткізді. Күні бойы оқырмандар кітапханаға келіп түсетін мерзімді басылымдармен танысуға мүмкіндік алды, оқырмандарға кітапхананың барлық ресурстарын: кітаптарды, мерзімді басылымдарды, библиографиялық көрсеткіштерді, ақпараттық және электрондық басылымдарды ұсынды.