"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Kitap Fest Arkalyk»

Оқу залында 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне арналған жыл сайынғы «КІТАПшоу - 2024» кітап фестивалі өткізілді. Оқырмандардың оқу белсенділігін арттыру, кітап оқуды қолдау және кітапхана кешеніне оқырмандар тарту мақсатында ұйымдастырылған іс - шарада кітапхана қонақтары мен оқырмандарға «Озық ойлы ұлт» және «Ерікті болу - ізгіліктің белгісі» атты кітап көрмелері таныстырылып, кітапхана жайлы ақпараттар берілді. Сондай - ақ, фестивальға келушілер кітап пен басылым беттерінен құралған инсталяцияларды тамашалады.