"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Кітапханаға қалай жетуге болады?

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні қарсаңында №2 ОӘҒК оқу залы кітапханашылары қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Кітапханаға қалай жетуге болады?» атты либмоб өткізілді.
Либмоб қала көшелерінде, сауда орталықтарында және оқу орындарында әр түрлі жастағы азаматтармен сұхбат жүргізу, сұрақтар қою, ақпарат беру бағытында өтті.
Кітапханаға оқырмандарды тарту мақсатында кітапхананың тарихы мен ақпараттық қызмет көрсету бағыты жазылған ақпарат парақшалары, кітап жайлы нақыл сөздер жазылған ашық хаттар таратылды.