"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Өзгеше ойлы қаламгер»

«Бір ел - бір кітап» кітап апталығы аясында балалар әдебиетінің классигі балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Өзгеше ойлы қаламгер» атты оқырман конференциясы өткізілді. Жазушының шығармалары, арнау өлеңдерімен бастау алған конференцияға Ы.Алтынсарин атындағы АрПИ 3 курс студенті Жүсіп Әулетбек атсалысты. Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектептің 10 «Г» сынып оқушылары және «Арқалық политехникалық колледжі» студенттері қатысып, қаламгердің шынайы шығармашылығымен таныс болды.