"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Салауатты өмір – жарқын болашақ»

Сәуірдің 7-і күні бүкіл әлем Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтті. Осы Денсаулық күніне орай, Өнер секторы Кітапхана апталығы аясында «Салауатты өмір – жарқын болашақ» атты спорт сағатын өткізді. Іс-шара барысында АрПИ Дене шынықтыру және спорт мамандығының І-курс студенттері гір спортынан әлем чемпионы Арыстанов Сартай Қапарұлымен кездесті. Чемпион өзінің спортқа келу жолы, жеңіске жеткен сәттері жайлы баяндап, жастарға салауатты өмір ұстанымы, спорт шыңын бағындыру жайлы ақыл-өнегесімен бөлісті.