"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Көрікті ой – көркем сөздің шебері»

«Туған жердің даңқты тұлғалары» кітап апталығы аясында жазушы, журналист, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қоғабай Сәрсекеевтың туғанына 85 жыл толуына арналған «Көрікті ой – көркем сөздің шебері» кеші өткізілді. Күмбірлеген күй, арнау өлеңдерімен бастау алған кешімізге Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының 1 курс студенттері Елубай Думан, Оңайбаева Айару атсалысты. Сондай-ақ кешіміздің құрметті қонағы үздік өлкетанушы, оюшы, қолөнер шебері Байдилдин Шөптібай Байділдаұлы қаламгер жайлы естелік әңгімелерімен бөлісіп, Қоғабай Сәтенұлының келешек ұрпаққа үлгі болар туындылары жайлы айтылып, бейнебаяндар тамашаланды. Кешімізге Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері қатысып, қаламгеріміздің қазыналы шығармашылығымен таныс болды.