"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
17.05.18. «Руханият сыры мен рух жыры»

Мамырдың 17-сі күні облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының  халыққа қызмет көрсету бөлімінің   жылдағы дәстүр бойынша «Бір ел –бір кітап»  акциясы  «Жыл кітабы-2018» таңдауы- Қазақстан Республикасының  гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, жазушы, аудармашы, Күлтегін және Франц Кафка сыйлықтарының иегері, ғұлама ғалым Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» шығармасы бойынша қаламыздың Даңқ аллеясына әдеби бульвар ұйымдастырылды.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау,  қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру.  

Кітапхана қызметкерлері «Бір ел –бір кітап»  акциясы туралы мағлұмат беріп, акция шежіресіне жеке-жеке тоқталды. Сонымен бірге, Сығаева Зайра Сансызбайқызы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, жастардың ынтасын арттырып, биылғы жыл кітаптарына тоқталды.

Жазушы Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді»  деп аталатын хиқаят-монологында ауыр науқасқа шалдығып, көп жылдар бойы төсек тартып жатқан мүгедек жанның өмірге деген шексіз құштарлығы, қайсарлығы, адамгершілігі, мөлдір махабаты сөз болады. Науқас адамның сын сағаттағы сан қилы ой-толғаныстары бас қаһармандар Ержан мен Гаухар монологтары арқылы берілген.Бұл кітаптың құндылығы да осы бір түйінде болса керек. Сол себепті, біз сөз етіп отырған хикаят-монологты «Ерлік пен даналықты жыр еткен » дейді Әзілхан Нұршайықов.

Бұл әдеби бульварымызға  30-қа жақын  қала тұрғыныдары, студенттер қатысты.

Сіздерді рухани нәр, тәлімдік тәрбие беретін баға жетпес шығарманы бірге оқып, ой бөлісуге шақырамыз.