«Сүйікті кітаппен селфи» атты аймақтық жастар сайысының ережесі.
1.Жалпы ережелер
1.1. Кітаппен бірге ең жақсы сельфи жарысы (автопортреттің әр түрлі, фотокамерада өз-өзіңді есте сақтау) ҚММ-ң арқалық қаласындағы «№2 ОӘҒК»-ң бекіткен жоспарымен сәйкес жүргізіледі.
1.2. Жарысты құрастырып, ұйымдастырушылар: Ақпараттық –сервистік қызмет көрсету секторы
1.3. Бұл ереже жарыстың жалпы дайындық жағдайын, ұйымдастырушымен өткізу тәртібін анықтайды.
2. Жарыстың мақсаты мен міндеті.
2.1. Ересек халық арасынан талантты жастарды кітап оқуға бейімдеу.
2.2.Жастармен аймақтағы ересек халықтың шығармашылық дәрежесін көтеру.
2.3. Жастар мен ересек халықтың позитивті бос уақыттарын бірге тиімді өткізуді ұйымдастыру.
2.4. Жастардың сельфиге деген көзқарасын бағдарлау: яғни, өзін-өзі жақсы көруден ішкі менмендік арқылы кітап орқуға ұмтылу.
3.Қазылар алқасы.
3.1. Қазылар алқасының құрамы жарысты ұйымдастырушылардың ұйғаруымен анықталады.
4.Жарыс тәртібі.
4.1. Жарыстың өтетін уақыты: 2018 жылдың 14 ақпанымен 25 қазан аралығы.
4.2. Жарысқа жоғарғы сынып оқушылары, арнайы орта кәсіби оқу орындарының оқушыларымен, ЖОО-студенттері сонымен қатар ересек халықтың жасы 18-ден 60-қа дейінгші аралықтағы оқырмандары қатыса алады.
4.3. Жарысқа қабылдау: 2018 жылдың 20-шы қазанына дейін.
4.4. Қабылдау уақытынан кеш қалған, сайыс шартына сәйкес келмейтін жұмыстар қабылданбайды.
4.5. Жарыстық жұмыстар кейін қайтарылмайды және рицензияланбайды.
4.6. Жарысқа тек қана авторлық суретті жұмыстар қабылданады.
5. Жарыс жұмысының талабы:
5.1. Жарысқа қатынасу үшін міндетті түрде өтініш білдіріп, төмендегі мәліметтерді жазу керек: қатысушының аты-жөні, оқитын немесе жұмыс орны, байланыс телефоны.
5.2. Жарысқа ұсынылатын фотожұмыстардың мазмұны тақырыпқа, мақсатқа және міндетке сай келу керек. Суретте кітаппен автор, немесе кітаптың жанында не болмаса кітап оқып отырған адам көрсетілуі керек.
5.3. Қосымша бағалану үшін суретті жұмыстың айрықша керемет атауы болу керек. Фотожұмыстың авторы таңдаған кітабына қысқа эссе дайындауы керек. Яғни, оның таңдауы бұл кітапқа неге түсті, оның өмірінде алатын орны қандай деген сияқты эссе көлемі бір беттен аспауы керек.
5.4. Эссе мен суретті жұмыс тек электронды нұсқа түрінде ғана қабылданады.
5.5. Жарысқа қатысушының JPG пішінді сандық фотосуреті фотоаппарат, планшет, ұялы телефон және смартфонмен жасалуы тиіс. Фотосуреттің көлемі 10мб-тан аспауы керек.
5.6. Бір қатысушыдан үштен артық жұмыс қабылданбайды.
5.7. Жарыс жұмыстары мына электронды адреске қабылданады:
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
5.8. Жарыс жұмысының өлшем бағалары:
-суретті жұмыстар;
-өтініштің сайыс тақырыбына сай келуі;
-авторлық ойдың түпнұсқасы;
-фотосуреттің көркемдік сапасы;
-ерекше тақырып;
Эссе:
-өтініштің тақырыпқа сәйкестігі;
-көркемдік талғам және мәнерлік;
-өзіндік сюжет;
-стиль мен тіл ерекшелігі;
Жарыс жұмыстары төмендегі атаулармен қабылданады: «Бұл кітап өмірімді өзгертті», «Менің қазіргі оқып жатқан кітабым», «Өз достарыма ұсынатын кітабым», «Менің жанұямның сүйікті кітабы».
6. Жарыс қортындысы және жеңімпаздарды марапттау.
6.1. Жарыс қортындысы белгілі бір уақытта, арнайы құрылған комиссия мүшелерінің қатысуымен болады. Олардың құрамына кіретіндер: Арқалық қаласындағы №2 ОӘҒК-ң басшысы, кітапхана басшысының орынбасары, ақпараттық –сервистік сектор бөлімінің меңгерушісі, программалаушы, кәсіподақ төрайымы.
6.2. Жарысқа жіберлген жұмыстарды оргкомитет қарайды да, ішінен жақсы дегенін таңдап жеңімпаздарды мадақтауды ұйымдастырады.
6.3. Жарыс жеңімпаздарына арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтар табыс етіледі.
6.4. Жарыс қортындысымен марапаттар 2018 жылдың қазан айында белгілі болады. (уақыты мен өтетін орны қосымша хабарланады).
6.5. Жақсы деп табылған жұмыстар кітапхана сайтында жарияланады.
Жарысты ұйымдастырушыларға осы жұмыстарды өз еңбектеріне пайдалануларына құқықтары бар.
7.Байланысты ақпарат.
E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Мекен-жайы: 110300, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы 62. ҚММ «ОӘҒК».
Арқалық қаласында: 87143072955.