"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Наурыз-бағым, ырысым»

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында №2 ОӘҒК оқу залы кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің қолданушыларына арналған «Наурыз-бағым, ырысым» атты кітап көрмесі өткізілді.
Көрмеге жер көгеріп, күн мен түннің теңелген уақытында тойланатын жаңа жыл, даналық күні туралы ақпарат беріп, ұлтымыздың төл мерекесінің қалыптасу тарихынан терең сыр шертетін еңбектер мен қазақ халқының қолданбалы өнері мен ұлттық киімдері туралы құнды деректер жинақталған кітаптар қойылды.