Белгілі этнограф, қазақстандық музыкатану және композиторлық мектептің негізін қалаушылардың бірі Александр Викторович Затаевичтің 155 жылдық мерейтойына арналған «Еңбегі елге өнеге» атты таным сағаты. А.В.Затаевичтің аты мен артында қалған мұрасын қазақ халқының ән және аспаптық дәстүрін қадірлеуші қауым ізет тұтады, ол халқымыздың бай мұрасын және өзіндік ерекшелігін алғашқылардың бірі болып бағалай білді және барынша сақтауға күш-жігерін жұмсады. А.В.Затаевич өзінің әндер мен күйлерді өңдеулерімен композиторларға дала дәстүрі негізінде академиялық музыканың туындауына және дамуына жол көрсетті.
«Еңбегі елге өнеге»