"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Соғыс жаңғырығы және жүректегі естелік»

Биылғы жылы барша халық Ұлы Жеңістің 73-жылдығын тойлап, атап өтуде. Осы атаулы күнге орай Арқалық қаласындағы  №2 ОӘҒК «Соғыс жаңғырығы  және жүректегі естелік»  атты поэзия кеші өткізілді.


Аталған іс-шараның мақсаты - Ұлы Отан соғысы кезіндегі замандастарының рухани өмірі туралы поэзия мәнінің ролі мен түсініктерін кеңейту және сол қанкешті жылдарды еске сақтау, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.


Іс-шара Ұлы Отан соғысына қатысқан барлық қаза тапқандарға  бір минут үнсіздікпен басталды. Бұдан әрі кештің жүргізушісі И.Ю.Воронова соғыстың басты кезеңдері туралы, соғысқа қатысушы ақындар мен жазушылар туралы әңгімеледі. Соғыстың бірінші күндерінен бастап, ақын-жазушылар істі оң қолдап, өз халқы мен оның тағдырын шешу үшін күрескерлер сапқа тұрған. Ән мен лирикалық өлеңдер арқылы олар соғыс туралы басты шындықты, халық үшін күрескенін айтып берді.  Майдан ұрпақтарының поэзиясы ең жарқын және әдеби құбылыстың елеулісінің бірі болды.


Бұл шара соғыс туралы жазған екі ақынның шығармашылығына  және биыл олардың туғанына 95 жыл толуына арналды. Ол ақындар Расул Гамзатов және Эдуард Асадов.  Жүргізуші бейнероликтер арқылы ақындардың  өмірбаянымен таныстырды. Екі ақын да Ұлы Отан соғысына қатысқан.


Жүргізуші  Расул Ғамзатовтың махаббат туралы, халық пен билікті  жырлаған ақындардың  бірі екенін айтты. Оның кітаптары миллион данамен шығып, көрме залы кітаптарымен толықтырылды. Оның өлеңдеріне жазылған әндер хитқа айналды. Оның атақты «Журавли» атты әнінің шығу тарихы туралы  балалар асқан қызығушылықпен және толқу үстінде  тыңдады. Бұл өлең - автордың ең сүйікті өлеңі еді, себебі ол өзі соғыста өзінің жақындары мен достарын жоғалтқан жаралы жауынгер. Бұл өлең оған  өз қайғысы болды.


Эдуард Асадовтың  қызықты тағдыры басқа ақындардан кем емес. Балалар жүргізушінің ақын туралы айтқан қиын тағдырын  үлкен толқыған көңілмен тыңдады. Ол майданда снарядтың сынығымен ауыр жарақат алып көрмей қалған, өмірінің соңына дейін жартылай  қара маска киюге мәжбүр болды.


Ақын 47 кітаптың авторы.  Оның кітаптары жүз мың данамен  шығып, сол сәтте дүкен сөрелерінен жоқ болып отырды.  Іс-шарада оның өлеңдерін қатысып отырған студенттер мен жүргізушілер оқыды. Асадов өз өлеңдерінде керемет адами қасиеттерді: мейірімділікті, адалдықты, алғыс айтуды, махаббатты, патриотизмді, әділдікті жырлайды. Ол өлеңдерін жастарға  арнады , сондықтан да оның өлеңдерін  халық сүйіп тыңдайды.


Кеш соңында Расул Гамзатовтың сөзіне жазылған «Журавли» әнін орындап, кітаптарға шолу жасау арқылы аяқталды.