"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Әйел – отбасының шырақшысы»

05.03.2024

Көктемнің алғашқы мерекесі Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өнер секторының ұйымдастыруымен «Әйел – отбасының шырақшысы» атты сырласу алаңы өткізілді. Кешке осы қаланың қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысып жүрген ардақты әже – Бақытжамал Аяғанқызы, мемлекеттік қызмет атқарып жүрген іскер ана – Гүлбану Төкенқызы, жеке кәсіпті дөңгелетіп отырған ибалы келін – Мөлдір Асқарқызы қатысып, оқырмандармен сырласып, ақыл - кеңестерімен, ой - пікірлерімен бөлісті. Кешке арқау болған тақырып отбасындағы, қоғамдағы әйел - ананың рөлі.