"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Арайлы Атамекенім»

28.02.2024

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған, бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі.

№ 2 ОӘҒК ұжымы «Арайлы Атамекенім» челленджіне қатысып, туған еліне, Қазақстан халқына өз ризашылығын білдірді. Алғыс айту күніне арналған челленджді қаламыздағы мәдениет мекемелері мен «Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі тарихы мұражайына» және «Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесіне» жолдайды.