"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Алып тұлғаның әдеби мұрасы»

21.02.24

Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына орай «Алып тұлғаның әдеби мұрасы» тақырыбында оқырман конференциясы өткізілді.
Іс-шара барысында әдебиетіміздің алып бәйтерегі Бейімбет Майлиннің өмірбаяны мен еңбектері жайлы айтылып, «Шұғаның белгісі», «Раушан коммунист» повестері талқыланды. Шығармалардағы халықтың мұң-мұқтажы мен ескі әдет-ғұрып ата-бабалар салтымен шешілген қазақ қыздарының қатал тағдырына еріксіз бағынуы жайлы Ы. Алтынсарин атындағы АрПИ-ның 4 курс студенті Садық Жансая, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің 2 курс студенті Тұрғынбаева Гүлнұр баяндамалар жасады.
Конференцияға Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің 1 курс студенттері қатысып, сұрақ-жауап кезеңінде шығармалары бойынша қойылған сұрақтарды талқылап, үзінділер бойынша ойларын қорытындылады.