Әрбір адамда өзінің шағын Отаны болады. Бұл жердің шағын бұрышы және онымен адам өмір бойы байланысты. Дәл осы бұрыштан, біз қоршаған әлемді, өзімізді тани бастаймыз, дәл осы жерде біз туған табиғатымызға жақын болып, оны таза ауасын сезінеміз. Біз Арқалықты даңқты тарихымен, дәстүрлерімен, қазіргі заманғы жетістіктерімен мақтан тұтамыз.
Аталған іс-шараның мақсаты жастардың патриоттық санасын қалыптастыруға, туған қаласын құрметтеуге және туған өлкеге деген махаббаты, тарихына құрметі, өз қаласының даңқты жерлестерінің мақтанышы болуға және патриотизмге тәрбиелеу.
№ 2 ОӘҒК 25 сәуірде іс-шаралар циклінде арналған кітап және авторлық құқық күніне «Біздің көше олардың есімдері атауларында» атты тарихи калейдоскоп өткізілді.
Кітапханашылар Н. Р. Горбачева және Р. А. Грибовский оқырмандар назарына туған қаланың көшелері бойынша Арқалық қаласының
негізі қаланған күні, жерлестеріміздің батырлығы туралы қала көшелері кімнің есімдерімен аталады сол туралы бейнесаяхат ұсынды. Туған жеріміздің қайталанбас сұлулығын, жерлестеріміздің батырлығын, алғашқы құрылысшылар туралы біздің жерлестерімізден артық кім жақсы айтып бере алады? Әрине, оны көрген қала құрылысшылары. Солардың бірі К. И Ишутин. Құрметті қаланың тұрғыны, дербес зейнеткер Константин Иванович қаламен байланысты өз өмірбаянын өте әсерлі және қызықты әңгімелеп, қала тарихының қызықты фактілерімен бөлісті. "Я вырос здесь, и край мне этот дорог" виртуалды саяхат балаларға қала тарихына ізін қалдырған адамдармен танысуға көмектесті: Шақшақ Жәнібек, Е.Әуелбеков, О.Қозыбаев, Ғ.Қайырбеков, С. Мауленов, С. Баймағанбетов, А.Н. Демченко, А. Н., В. Ф.Горбачев, Н.Н. Волковпен.
Балалар сүйікті қаласы туралы өлеңдер оқыды, ал соңында «Город в степи» атты кітаптар көрмесімен танысты. Іс-шара барысында К.И.Ишутиннің «Мой путь строителя в Казахстане» атты кітабы таныстырылды. Балалар сыйлыққа Арқалық қаласының тарихы бар буклеттер алды.