"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Қылқалам ұшындағы құдірет»

«Қылқалам ұшындағы құдірет»
Өнер бөлімі қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы Әбілхан Қастеевтің 120 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Қылқалам ұшындағы құдірет» атты кітап көрмесінің тұсаукесерін өткізді. Іс-шараның мақсаты - Әбілхан Қастеев туралы оқырмандардың білімдерін толықтырып, суретшінің қылқаламынан туған шығармаларымен таныстыру, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды насихаттау. Тұсаукесерге Арқалық педагогикалық институтының аға оқытушылары Байсеңгіров М.Қ., Жарасханов Қ.С. және ЖОО студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара барысында Манатұлы А. көркемсөз оқып, Айтбаев Е. ән шырқады, кітапханашы көрмеге шолу жасап, қонақтардан сұхбат алды, оқырмандар назарына бейнеролик, презентация ұсынды.