"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
 23.04.18 «Жырлары жанды баураған»

23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күні екені бәрімізге белгілі.Осы мерекеге орай облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Торғай елінің тарландары» атты кітап апталығы ұйымдастыруда.

Осыған орай, ақын, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы Ғафу Қайырбековтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Елің барда таусылмайды ән- жырың» атты әдеби сазды кешті абонемент бөлімі ұйымдастырды.

Мақсаты: ақын шығармалары арқылы оқырмандардың жан

дүниесіне тазалық әкелер адалдық пен адамгершілікке шақырып, ізгілікке тәрбиелеу. Махаббат, достықты жырлаған Ғафу Қайырбеков туындылары, өмір жолын таныстыра отырып, туған жерге, елге деген сүйіспеншілік пен отаншылдық сезімдерін қалыптастыру.

Кеш ІІІ бөліммен топтастырылды..

І - ші бөлімде: ақынның кең арнасын тауып, өзекті мәселеге айналдырған туып өскен жері, өлке табиғатына деген сүйіспеншілігінен туындаған өлеңдері оқылды.

ІІ - ші бөлімде: ана мен бала махаббаты - дүниеде теңі жоқ адамгершілік сезім шыңы. Ақынның сазгер Шәмші Қалдаяқовтың әніне жазылған «Ана туралы жыр» атты әнін Арқалық қаласындағы Назипа Құлжанова атында педагогикалық колледждің студенті Ермұхан Бекзат ерекше сезіммен орындады.

ІІІ - ші бөлімде: сезімді тербететін махаббат өлеңдері, сүйіспеншілікке толы жастық шақ әуендеріне арналған өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. Олар: жергілікті сазгер Жұмағали Өмірбековтың әніне жазылған «Неткен сүйікті ең» Арқалық қаласындағы Мәдениет үйінің қызметкері - Елугүл Алшынбайқызы, Қалибек Деріпсалдиннің әніне жазылған «Сағыныш сазы» туындысын кітапханашы - Зайра Сансызбайқызы орындады.

Ақынның өмірінен бейнекөрсетілімдер, ақын жайлы қаламдастырының ой- толғаулары, слайдтар көрсетілді. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға түсінділірді.

Сонымен қатар, ақын өлеңдерін оқыған Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогикалық институттың жанынан құрылған Мыржақып Дулатов атындағы бірлестік студенттерінің өнерлерін оқырман керемет көңілмен қабылдады.

Кеш қонақтары: қоғам қайраткерлері, ардагер аталарымыз Досжанов Хамит,Өрекен Алмат ақын жайлы ой-толғауларын әңгімелеп берді.

Кешті Арқалық педагогика институтының студенттері - Қолғанат Қарбоз, Бибіхан Әбдісадықовалар жүргізді. 

 Құрметті талғампаз оқырман! Басыңды тік көтеріп, Ғафу ақынның ғажайып әлеміне қарашы, кәне өкінбейсің, өз бойыңа рухани байлығыңды жинайсын.