"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
22.11.2023 «Әйел теңдігінің жыршысы»

Қайырлы күн құрметті оқырмандар! «Әйел теңдігінің жыршысы» тақырыбында Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романын талдау аясында оқырман конференциясы өткізілді.

Іс-шара барысында роман желісі бойынша өзекті тақырыптар қозғалып, Ы. Алтынсарин атындағы АрПИ-ның бірінші курс студенттері Қапар Дархан, Елубай Думан «Романдағы таптық тартыс пен әйел теңсіздігі», «Қожаш пен Ғайшаның арман мақсаттарына жету жолындағы қиындықтар» тақырыптарында баяндамалар жасады. Конференцияға Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі мен Арқалық көпсалалы колледжінің студенттері қатысып, сұрақ-жауап кезеңінде роман бойынша қойылған сұрақтарды талқылап, үзінділер бойынша ойларын қорытындылады.