Өнер секторының ұйымдастыруымен - Республика күні қарсаңында «Менің елім - мәңгілік ел» тақырыбында әдеби-музыкалық композиция өтті. Шараның мақсаты - Отанымыздың байтақтығын, тарихын, байлығын, тәуелсіздігін насихаттай отырып, жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерін ояту. Іс-шара бейнеролик көрсетілуімен басталып, ҚР әнұраны орындалды. Кеште еліміздің маңызды тарихи, саяси кезеңдері айтылып, мемлекеттік рәміздерімізге жеке тоқталып, авторлары жөнінде мәлімет берілді. 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Декларация туралы АрПИ 2 курс студенті Жәнібек Есімсеріұлы нақышына келтіріп монолог оқыса, мектеп оқушыларының орындауында көркемсөз оқылып, күйден, биден шашу шашылды. Кешімізді әсем әнмен әрлеген кітапханашылар мен іс-шараға белсенділік танытып, қатысқан АрПИ студенттері және қала мектебінің оқушылары.
https://arkalyk-ounb2.kz/novosti-kz/3016-19-10-2023-ner-sektoryny-jymdastyruymen-respublika-k-ni-arsa-ynda-meni-elim-m-gilik-el.html#sigProId9ce13c8485