"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
18.10.2023 «Қаламы жүйрік жазушы»

Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына орай кітап көрмесін оқырман назарына ұсынамыз.

Атаулы көрме қаламгердің өмірі мен шығармашылығы, еңбек жолы, сонымен қатар газет, журнал беттерінен алынған деректермен толықтырылған.

Кемел Тоқаевтың «Түнде атылған оқ», «Қастандық», «Ұясынан безген құс», «Арнаулы тапсырма» тағы басқа шығармалары және де «Қызыл комиссар», «Қылмыскер кім?», «Сиқырлы сырлар» деп аталатын пьесалары өмірден алынған оқиғаларды баяндайды.

Кемел Тоқаевтың келешекке үлгі болар шығармашылық жолы мен өмір өткелдерін насихаттау мақсатында құрылған көрме көпшілік оқырман қауымға арналады. Қаламы жүйрік, талабы биік талант иелерін танып, біле жүрейік. Қаламгер жайлы ең қажетті деректермен таныс болыңыздар.