"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
12.10.2023 ж. «Ерлікке тағзым, елдандылықтан тағлым»

Оқу залында даңқты қолбасшы, батыр, тархан – Шақшақ Қошқарұлы Жәнібек бабамыздың 330 жылдығына орай «Ерлікке тағзым, елдандылықтан тағлым» атты портрет кеші өткізілді. Кешке белгілі өлкетанушы, Арқалық қаласының құрметті азаматы – Шөптібай Байділдәұлы, Арқалық қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы – Аубакиров Түбекбай Ғапсалықұлы, сондай-ақ қазақстан тарихы және құқық эканомика негіздері кафедрасының аға оқытушысы, тарихшы – Елеуісов Баубек Аймаханұлы және Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық институтының тарих факультеті студенттері және эканомика колледжінің білім алушылары қатысты. Іс-шара барысында Жангелдин ауданындағы Ш. Жәнібек мұражайына виртуалды саяхат жасалды. Қонақтар студент жастармен батыр бабамыз жайлы тың деректермен бөліссе, қаламыздың өнерлі жастары іс-шарамызды әнмен әрлеп, күймен өрнектеді.