"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Әлем кітапқа жазылу үшін жаралған»

09.04.2018              

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын бағытқа ала отыра облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасында «Әлем кітапқа жазылу үшін жаралған» тақырыбында құнды кітаптарға  шолу жасалды.

Өнер секторындағы мазмұны бай әдебиеттер оқырманға жол тартты. Қазақтың музыкалық мұрасын, аталарымыздан қалған даналық сөздер, тәрбиелік маңызы зор мақал-мәтелдер, нақыл сөздер мен батырлық жырлар жас буынға таныстырылды.

Солардың 2-3-не тоқталайық.

 

«Даналық әліппесі»  кешенінің мазмұнына қобыз үні, домбыра күйі, бесік жыры, халық әні, халық аңызы, халық ертегісі, халық тағылымы, халық жыры, нақыл сөз, билер сөзі, аталар сөзі, бабалар батасы енгізілді. Олар баланың туғаннан бастап, жас және жеке ерекшеліктеріне сай рухани құндылықтар арасында тәрбиелеуге, дамытуға, қалыптастыруға бағдарланып, бірізділік ұстанымы негізінде біртұтас күйде жүйеленіп берілген. Аталған кешен нұсқаулық, он екі кітап және сөйлейтін қаламнан тұрады.

Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі: антология. Күй – көне замандардан күні бүгінге дейін халқымызбен бірге жасасып келе жатқан ең киелі де қастерлі, сырлы да сұлу өнер.

Қазақтың дәстүрлі 1000 әні: антология. Ән – халықтың ажары. Кез келген ұлттың өзіндік кескін-келбеті мен болмыс-бітімін айқындайтын ұғымды оның өзіне тән ұлттық мәдениеті дейтін болсақ, қазақ мәдениетіндегі ән өнерінің алар орны ерекше.

Бүгінгі жас ұрпақтың кәдесіне жарату және оны әлемдік насихаттау мақсатында жасалған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында асырылған, тарихи оқиға деп әбден айтуға болады.