"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
13.10.2023 «Өмірді сазбен сәндеген»

Өнер секторының ұйымдастыруымен композитор, Қазақстанның халық әртісі Әсет Бейсеуовтың 85 жылдығына арналған «Өмірді сазбен сәндеген» тақырыбында саз кеші өткізілді. Кеш барысында сазгердің өмірбаяны айтылып, әндеріне саяхат жасалды. Әсет Бейсеуовтың шығармашылығы сан алуан, патриоттық, лирикалық, махаббат, достық тақырыбындағы, балаларға арналған әндері өте көп. Атақты композитор көзінің тірісінде-ақ өзіне-өзі мәңгілік ескерткіш орнатып, 500 әннің авторы атанды. Ән кешінде Әсет Көпбайұлының бірнеше әуезді әндері шырқалды. Іс-шараға белсенділік танытып, қатысқан АрПИ музыка бөлімінің студенттері мен Торғай гуманитарлық колледжінің жастары. Кеш соңында, бөлім қорындағы музыка саласының әдебиеттері таныстырылып, шолу жасалды.