"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
11.10.2023. «Ұлық сөзін айта білді ұлтының»

Ақын, журналист Хамитбек Мұсабаевтың туғанына 70 жыл толуына орай «Ұлық сөзін айта білді ұлтының» тақырыбындағы әдеби сағат өткізілді.

Ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында өткізілген іс-шара ойын сайыс түрінде өткізіліп, «тапқыр болсаң», «есте сақта», «қажет сөзді тап», «өлеңді аяқта» кезеңдері арқылы қатысушылар екі топта білімдері мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салды. Осылайша оқырмандар қаламгердің өмір жолы мен көркем туындыларына қанық болды. Сондай-ақ соңғы кезеңде шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өлең шумағын құрастырған студенттер әдеби сағаттан әдемі әсер алды. Іс-шараға Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері атсалысты.