"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
10.10.2023 10 қазанда Қазақстанда дәстүрлі түрде кәсіподақ ұйымдарының төл мерекесі атап өтіледі

10 қазанда Қазақстанда дәстүрлі түрде кәсіподақ ұйымдарының төл мерекесі атап өтіледі.  Осыған орай «Арқалық қаласындағы № 2 ОӘҒК»  КММ кітапханашылары кітапхана кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Марапаттау кәсіподақ ұйымының  күніне арналған салтанатты жиын барысында өтті. Ұйымның қызметтегі белсенді өмірлік ұстанымы, ұйымдастырушылық қабілеттері, шығармашылық күш- жігерлері мен кәсіподақ комитетіндегі  жастардың белсенділік танытқандары үшін қызметкерлерді   құрмет грамоталарын № 2 ОӘҒК кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Р. Горбачева табыс етті.

Марапатталғандардың қатарында А. А. Тануева, Ж. Ержанов, Г. Карбозова және басқа да елеулі қызметкерлер болды. Кітапханамыздағы  кәсіподақ комитеті Нонна Рафаиловна  кітапхана ұжымын құттықтап,  өркендеу мен бірлікке бағытталған бастамалар нәтижелі болсын!» деген игі тілекпен ұйым мүшелеріне алғысын білдірді.