"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
29.09.2023 1-қазан - қарттар күніне орай мәдениет саласында еңбек етіп, зейнетке шыққан ардагерлерді құттықтау іс-шарасы Ә.Боранбаев атындағы кинотеатрда өтті

1-қазан  - қарттар күніне орай  мәдениет саласында еңбек етіп,  зейнетке шыққан  ардагерлерді  құттықтау  іс-шарасы  Ә.Боранбаев атындағы  кинотеатрда  өтті. Осы іс-шараға  кітапхана саласында қызмет атқарған ардагерлеріміз де қатысып, ән  тыңдап қошеметке бөленді. Аталған іс-шараны ұйымдастырушы қала әкімдігінің мәдениет бөлімі,  ардагерлер кеңесі және мәдениет сарайы екенін атап өткеніміз жөн. Сонымен қатар, кітапхананың кәсіподақ ұйымы кітапхана ісінің ардагерлеріне арнайы сыйлықтарын табыстады. Сіздерді мерейлі мерекемен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, бейбіт те берекелі тірлік тілейміз.

Еңселеріңіз тік, өмірлеріңіз шуақты болып, күш-қуаттарыңыз сарқылмасын!

Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!