"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
29.09.2023 «Алты Алаштың асылы»

Діни қайраткер, ақын, қари Файзолла Сатыбалдыұлының туғанына 140 жыл толуына орай  «Алты Алаштың асылы»  поэзия кеші өткізілді.

Іс-шараға Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері атсалысты.Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы насихатталып, бейнебаяндар тамашаланды. Сонымен қатар колледж студенттері қаламгердің шерлі жылдардағы, шерулі жырларын оқып, поэзия кешін күмбірлеген күймен өрнектеді.  Кеш нәтижесінде келешек ұрпақ Файзолла Сатыбалдыұлының тағылымды тағдырымен таныс болды.