"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Еңбек еткеннің – ісі оң, бағыты – мұратты»

«Еңбек еткеннің – ісі оң, бағыты – мұратты». Қыркүйек айының соңғы жексенбісі Еңбек күні. Осыған орай оқу залында  «Еңбек еткеннің – ісі оң, бағыты – мұратты» тақырыбында Арқалық қаласының  құрметті ардагері, 2015 жылғы  Арқалық қаласының  «Жыл адамы»  Жиенбаев Қайырден ағамызбен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Қайырден Тұрсынбекұлы еңбек  жолы туралы қызықты деректерімен қоса  жастарға  «бақыт»  барын салып еңбек еткенге бұйыратыны жөнінде айтып өтті. Кездесуге Торғай гуманитарлық колледжі мен  экономика колледжі студенттері қатысты.